• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 23.12.2024
  • 35

«Әлеуметтік желідегі адам қауіпсіздігі»

ҚШ-9-14Г оқу тобында  «Әлеуметтік желідегі адам қауіпсіздігі» тақырыбында танымды тәрбие сағаты өтті. Бұл шарада әлеуметтік желілердің қазіргі жастар өміріне тигізетін әсері мен олардың артықшылықтары және қауіп-қатерлері жан-жақты талқыланды.
Сабақ барысында студенттерге әлеуметтік желілер туралы ақпараттық видеороликтер көрсетіліп, желідегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, интернетті дұрыс әрі мәдениетті пайдалану туралы кеңестер беріліп, онлайн-кеңістіктегі этика ережелері баяндалды.
Іс-шараның шығармашылық бөлігі «Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы суреттерді талқылау және “Дұрысын тап” интерактивті сұрақ-жауап ойынымен жалғасты. Бұл студенттердің тақырыпты терең түсінуіне, өз ой-пікірлерін еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.
Топ жетекшісі: Балмахан А.