
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ІЗГІ ҚАСИЕТ
Ерекше балалардың ата-аналар одағы, “ORDA” жоғары колледжі және НО-9-21г оқу тобының бірлесе ұйымдастыруымен мұқтаж отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бұл игі іс-шара қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетуді, мейірімділік пен жанашырлықты арттыруды мақсат етті. Ұйымдастырушылар отбасының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектесіп, рухани қолдау көрсетті.
Шара барысында ерекше баланың отбасына қажетті азық-түлік, тұрмыстық заттар, және басқа да қажеттіліктерді жеткізіп берді. Сонымен қатар, отбасымен жылы әңгіме-дүкен құрып, шынайы қолдау көрсетуге тырысты.
Мұндай қайырымдылық акциялары жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырып, бірлік пен бауырмалдық құндылықтарын нығайтуға үлкен үлес қосады.
Ұйымдастырушылардың ізгі ісіне алғыс білдіреміз!