
Мерекелік шара «Балаларға базарлық» атауымен өтті.
Қызылорда облыстық фронт-офисінің еріктілері мен “ORDA” жоғары колледжінің Жастар парламенті (жетекшісі Рзахметова Перизат) Талсуат елді-мекеніндегі «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында» тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шара «Балаларға базарлық» атауымен өтті. Балалар Аяз ата мен Ақшақардың, әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ерекше көңіл көтерді. Шырша жанындағы әндер мен заманауи билер, сондай-ақ тәтті сыйлықтар кішкентайлардың жүзіне қуаныш пен шаттық сыйлады.
Мұндай шаралар балалардың жүрегінде мейірімділік пен жылылық ұялатып, жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуға мүмкіндік береді.
Шынайы мейірім мен қуаныштың үлгісі болған бұл шараға қатысушыларға алғысымыз шексіз!