
ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА 2025 ЖЫЛ!
“ORDA” жоғары колледжінің жастары жаңа 2025 жылды ерекше қуанышпен қарсы алды! Жылдың ең ғажайып мерекелік кеші Жастар ресурстық орталығында өтті. Әсем безендірілген зал мен көтеріңкі көңіл-күй әрбір студенттің жүрегіне мереке шуағын сыйлады.
Кеш барысында әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалды. Әр студент өз таланты мен шеберлігін көрсетіп, кештің нағыз жұлдыздарына айналды. Қызықты әрі көңілді ойындар ұйымдастырылып, әрбір қатысушы жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.
Бұл кеш тек ойын-сауық емес, достық пен ынтымақтастықтың, бірлік пен жылулықтың символына айналды. Колледж жастары бір-біріне жылы лебіздер айтып, жаңа жылды үлкен қуанышпен, жақсы ниеттермен қарсы алды.
2025 жыл баршамызға жаңа мүмкіндіктер, зор жетістіктер мен қуаныш әкелсін! Ал біздің жастық жігеріміз бен бірлігіміз бәрінен жоғары!
Ұйымдастырушы - Студенттік Парламент