
ТҰМАНБАЙДЫҢ ТЕРЕҢ ТОЛҒАНЫСЫ
Қазақтың көрнекті ақыны, халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай ҚТ-9-11 және ҚТ-9-14г топтарының ұйымдастыруымен “Тұманбайдың терең толғанысы” атты әдеби-танымдық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау арқылы білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық поэзияның құндылықтарын терең ұғындыру.
Сабақ барысында студенттер Тұманбай Молдағалиевтің ұлттық поэзияны әлемдік деңгейге көтерген шығармашылық ерекшеліктеріне тоқталып, оның өлеңдеріндегі рухани тереңдік пен сыршылдыққа талдау жасады. Әдебиетіміздің алтын қазынасына айналған шығармалары туралы пікірлерімен бөлісіп, ақынның сөздеріне жазылған әсем әндерді орындады.
Білім алушылар ақынның жаңадан жарық көрген кітаптарын қызығушылықпен қарап, оның шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Сонымен қатар, сабақ барысында “Қазақ поэзиясының сыршылы” атты слайд-галерея көрсетіліп, ақынның өмірі мен әдеби жолы жайында тың мәліметтер ұсынылды.
Бұл әдеби-танымдық сабақ студенттердің рухани танымын байытып, қазақ поэзиясының асыл мұраларын ұрпақ жадында сақтаудың маңызды екендігін көрсетті.
Ұйымдастырушы: Т. Орынбасар