• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 26.12.2024
  • 17

"МОТИВ ТIME” ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

“Мотив Time” жобасы аясында «Салауатты өмір қалыптастыру: Жан, Тән, Рух тазалығы» тақырыбында ерекше мазмұнды тренинг өткізілді. Бұл шара салауатты өмір салтын насихаттап, жан, тән және рух тазалығының үйлесімділігі арқылы адамдардың психологиялық және рухани дамуын қолдауға бағытталды.
Тренингке Қазақстанның үздік мамандары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының «Қоғамның әл-ауқатын қолдау мақсатында психологиялық қызмет институтын дамытуға жәрдемдесу» бағытының тең төрайымы Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы келіп, психологиялық тұрақтылықтың және рухани тазалықтың маңыздылығы туралы ой қозғады. Сондай-ақ Шымкент қаласынан философия докторы (PhD), тәжірибелі психолог, Еуропалық гештальт терапия қауымдастығының (EAGT) сертификатталған гештальт терапевті, Мәскеу Гештальт және Психодрама Институтының ассистент-тренері, Қазақстан Психологтар Одағы төрайымының орынбасары, “INSAN” практикалық психологиялық орталығының жетекшісі Асанова Салтанат Сайлауқызы ішкі жан дүниемен жұмыс істеудің және өзін-өзі танудың маңыздылығы туралы құнды кеңестерімен бөлісті. Алматы қаласының “Салауатты өмір” бағдарламасының тренері, отбасылық кеңесші Ильясова Күлмес Баймұратқызы да шараға қатысып, дене саулығы мен дұрыс өмір салтының рухани және физикалық денсаулыққа әсерін жан-жақты түсіндірді.
Тренинг барысында қатысушылар жан, тән және рух тазалығының үйлесімділігін сақтау жолдары туралы құнды ақпарат алды, өзін-өзі дамытуға арналған практикалық жаттығулар жасап, сұрақтарына кәсіби мамандардан нақты жауаптар алды. Қатысушылар шарадан ерекше әсер алып, өмір салтына жаңа көзқарас қалыптастырудың қажеттілігін түсінді.
Ұйымдастырушылар - колледж психологы