
“Жастар құқық бұзушылыққа және діни экстремизмге, терроризмге қарсы”
ЕТ-9-34Г оқу тобының тәлімгері Ербаева Жаңылшаның ұйымдастыруымен “Жастар құқық бұзушылыққа және діни экстремизмге, терроризмге қарсы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында топ тәлімгері жастардың құқықтары мен міндеттері туралы нақты мысалдар келтіріп, олардың заңды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттар берді. Сонымен қатар, діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың қауіптілігі туралы мәліметтер ұсынылды. Студенттер тақырыпқа белсене қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
Сабақ соңында студенттер өз ойларын қорытындылай келе, жеке құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсініп, мемлекеттің заңдарына бағынудың маңыздылығын нақтылады.