• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 28.12.2024
  • 16

“ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Жаңа жыл қарсаңында "ORDA” жоғары колледжінің ұжымы арасында дәстүрлі мерекелік кеш өтті.
Шараны колледж директоры Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызы ашып, жылы құттықтау сөзін жеткізді. Колледж басшысы оқу орнының дамуына үлес қосқан оқытушыларды алғысхаттармен марапаттап, олардың қажырлы еңбегін жоғары бағалады.
Мерекелік кештің ерекше ұйымдастырылуына "Техникалық мамандықтар" бөлімінің оқытушылары атсалысты. Бөлім жетекшісі Зағира Сыздықбаева басшылық еткен бұл ұжым мерекелік концерт арқылы өздерінің өнерлерін паш етіп, кешке жиналғандарды таңдандырды. Концерттік бағдарламада әсем әндер, көңілді билер және әсерлі қойылымдар орын алды.
"ORDA” жоғары колледжінің ұжымы баршаңызды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды! Алдағы жыл баршаңызға зор табыстар, мол бақыт және мықты денсаулық әкелсін. Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жете берейік!