
ЕҢБЕККОРЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: БҚ-9-11Г ЖӘНЕ БҚ-9-31 ТОПТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
27 желтоқсан күні БҚ-9-11г және БҚ-9-31 топтарында студенттерді еңбексүйгіштікке, табандылыққа және өмірлік мақсаттарға жетуге ынталандыру мақсатында “Еңбекқорлық пен еріншектік” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында студенттер еңбек пен еріншектік жайлы өз ойларын ортаға салып, белсенді пікірталас өткізді. “Еңбекпен тапқан нан тәтті” деген халық даналығының терең мәні түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы тақырыптың өмірлік маңызы ашылды. Еңбекқорлықтың табысқа жетудегі негізгі құрал екендігі талқыланып, студенттер оның адам өміріне тигізер оң әсерін нақтылады.
Сонымен қатар, мақсатқа жету жолындағы кедергілердің адамды шыңдайтынын, қиындықтарға мойымай алға ұмтылу қажеттігін түсінді.
Топ жетекшісі: Р.С. Елемесова