
ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!: НО-9-24Г ТОБЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Студенттерге мерекелік көңіл күй сыйлау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында НО-9-24г оқу тобында “Қош келдің, Жаңа жыл!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мерекелік тәрбие сағатында студенттер белсенділік танытып, ортақ өнерлерін көрсетті. Көрсеткен өнерлері олардың дайындығы мен ұжымдық үйлесімділігін көрсетіп, кештің есте қаларлық сәттерін қалыптастырды.
Мерекелік шараға колледж ұстаздары да қатысты. Олар студенттердің өнеріне тәнті болып, таланттары мен ұмтылыстарын жоғары бағалады. Шара барысында көтеріңкі көңіл күй, достық атмосфера және ерекше жылулық сезілді.
Топ жетекшісі: Төлемісова Аида