
⚜️ Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді
⚜️Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында республикада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды тарту жоспарланып отырғанын хабарлады.
⚜️Ол бұл дуальды оқыту жүйесін дамытуға және кәсіпорындардың тапсырысы негізінде экономикаға қажетті мамандарды мақсатты түрде даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
⚜️Қазіргі таңда небәрі 518 кәсіпорын колледждерге шефтік қамқорлық көрсетіп отыр. Алдағы уақытта колледждермен ынтымақтастық орнатып, олардың қызметіне қолдау көрсететін кәсіпорындар санын 4000-ға жеткізу жоспарлануда.
⚜️«Биыл колледждер жұмыс берушілермен бірге 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді, 1,5 мың педагог өндіріс базасында тағылымдамадан өтеді. Нәтижесінде бизнеспен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, колледждер нақты экономика салалары үшін жұмысшы маман даярлаудың негізгі буынына айналады», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.