• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.01.2025
  • 55

НАШАҚОРЛЫҚ – ҚАУІПТІ ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ

ВЕБ-9-14Г тобында нашақорлықтың алдын алу мақсатында “Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу - міндет” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Жастарға зиянды әдеттердің, соның ішінде темекі, ішімдік, есірткі және СПИД сияқты қоғамды алаңдатқан мәселелердің қауіптілігін түсіндіру және олардың алдын алу жолдарын ұғындыру мақсатында өткен тәрбие тағатында  салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажеттілігі айтылды. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын таңдау керектігі айтылды.
Студенттерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, салауатты өмір салтын ұстанудың және зиянды әдеттерден аулақ болудың қаншалықты маңызды екендігі айтылды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығы негізінде, алдын алу жолдары мен денсаулыққа пайдалы әдеттерді қалыптастыру қажеттігі талқыланды.
Жастар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға белсенді жауап берді. Олардың салауатты өмір салтына деген қызығушылықтары байқалып, өз болашақтарын дұрыс бағытта құруға ниетті екендіктері анықталды.
Өмірімізді сақтау, қорғау – өз қолымызда. Салауатты болашақ бүгіннен басталады!