• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 17.01.2025
  • 12

ӘҢГІМЕНІҢ ХАС ШЕБЕРІ

ҚТ-9-11 және ҚТ-9-14г қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы әрі ақын Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған “Әңгіменің хас шебері” атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында Бейімбет Майлиннің өмірбаяны мен шығармашылығына жан-жақты шолу жасалып, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі талқыланды. Жазушының өмірі мен еңбектерін тереңірек таныту мақсатында деректі фильм көрсетілді. Фильмнен кейін қатысушылар арасында әдеби викторина ұйымдастырылып, олардың Майлиннің шығармашылығы жөніндегі білімдері тексеріліп, қызығушылықтары одан әрі артты.
Шара соңында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, алған әсерлерін ортаға салды. Нәтижесінде тәрбие сағаты студенттердің Бейімбет Майлиннің шығармашылығына деген қызығушылығын оятып, ұлттық әдебиеттің маңызды тұлғасын тереңірек тануына ықпал етті.
Шараны оқу топтары студенттері ұйымдастырды. 
Топ жетекшісі - Т.Орынбасар