• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 17.01.2025
  • 17

БҮГІНГІ СТУДЕНТ - ЕРТЕҢГІ МАМАН

“Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану” мамандығының арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж түлектерімен “Бүгінгі студент – ертеңгі маман” атты кездесу кеші өтТІ. Кездесу студенттерді құрылыс саласының білікті мамандарымен және елімізге танымал жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түлектермен кездестіре отырып, олардың кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және білім алуға деген ұмтылысын оятуды мақсат тұтты.
Колледж түлектері:
🔺 Қалалық әкімдіктің “Құрылыс” бөлімінің қызметкері 
Аманбайқызы Жасмин
🔺 ҚазБСҚА (КазГАСА) университетінің студенті Сәлімхан Қымбат шара барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандыққа деген көзқарастарын ортаға салды. Әсіресе, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен табандылығының арқасында жетістікке жеткен түлектердің әңгімелері студенттерге ерекше әсер қалдырды.
Түлектер білім жолында кездескен қиындықтары мен оларды еңсеру тәжірибелері, мамандық таңдаудағы маңызды қадамдары туралы айтып, қазіргі студенттерге өздерінің кәсіби кеңестерін берді. Шара барысында студенттер мен түлектер арасында еркін пікір алмасу жүріп, болашаққа деген сенім мен ынта-ықылас қалыптасты.
Бұл кездесу студенттерге өз мамандығын терең түсініп, саналы шешім қабылдауға көмектесіп, кәсіби жолында сенімді қадам басуға шабыт берді. Осындай маңызды шаралар білім алушылардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.