
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ: БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ
“Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар” бөліміне қарасты колледж оқытушылары қала мектептерінде болашақ түлектерге колледжде оқытылатын мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру және олардың дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар көрсету мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды.
🔹 Кездесулер өткен білім ордалары:
✔️№4 С. Сейфуллин атындағы ақпараттық технология мектеп-лицейі;
✔️И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі;
✔️№173 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебі;
✔️№7 мектеп-лицейі;
✔️А. Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебі;
✔️№178 орта мектебі;
✔️Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі;
✔️Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп;
✔️Б. Момынбаев атындағы №278 ақпараттық технология мектеп-лицейі.
Шара барысында оқушыларға колледждегі педагогикалық, гуманитарлық және басқа да мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Оқытушылар мамандықтардың мазмұнын, оқу үрдісін, тәжірибелік дағдыларды, болашақ мансаптық мүмкіндіктерді таныстырып, студенттердің жетістіктері мен оқу барысында қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер туралы айтып өтті.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтары жайында нақты мәліметтер алды.
✨ Бұл кәсіби бағдар беру жұмыстары жастардың дұрыс таңдау жасап, болашақта сұранысқа ие, беделді мамандық иесі болуына септігін тигізеді деп сенеміз. Колледж оқытушылары жастардың арманына қанат бітіру үшін барын салып, көмек көрсетуге әрдайым дайын.
📚 Өз болашағыңа сенімді қадам жаса! Біздің колледжге қосыл да, жаңа мүмкіндіктер әлемін аш!