• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 20.01.2025
  • 20

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ: ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ КУРСАНТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АӘД пәні оқытушылары Н. Тәжібаев пен Н. Нұрмағанбетов Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкері Ермекбайқызы Алтынаймен бірлесе отырып, бітіруші топ студенттері үшін әскери-патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында шара ұйымдастырды.
🌟 Кездесудің басты мақсаты:
 ✔️Отан қорғау жолындағы қызметтің маңыздылығын түсіндіру;
 ✔️Әскери қызметке деген қызығушылықты арттыру;
 ✔️Жоғары әскери оқу орындары туралы ақпарат беру.
Іс-шараға Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары арнайы шақырылды. Курсанттар әскери өмірдің ерекшеліктері, әскери оқу жүйесі және мамандықтардың артықшылықтары туралы баяндап, студенттерге өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында колледж студенттері әскери қызметтің артықшылықтары, жауапкершілігі және жоғары әскери оқу орындарына түсу талаптары туралы көптеген сұрақтарына жауап алды. Әскери институт курсанттарының шынайы әңгімелері студенттерді ерекше қызықтырды, әрі олардың бойында патриоттық рух пен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.
Кездесу жастардың әскери салаға деген қызығушылығын оятып, патриоттық сезімдерін нығайтты. Әскери қызметтің маңыздылығын түсінген студенттер Отан қорғау – әр азаматтың борышы екенін терең ұғынды.
🇰🇿 Осындай іс-шаралар арқылы біз жас ұрпақты елжанды, жауапкершілігі жоғары, батыл да білімді азаматтар болып қалыптасуына ықпал етеміз. Отан қорғауға қызығушылық танытқан әрбір студентке сәттілік тілейміз!