• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 21.01.2025
  • 27

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН

«ORDA» жоғары колледжінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық жиын өтті. Шара Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды.
Жиынға тыл ардагерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық даму басқармасының өкілдері және студент жастар қатысты. Шара барысында ардагерлер соғыс жылдарындағы қиындықтар мен ерліктер жайлы әңгімелеп, бүгінгі бейбіт күннің қадірін түсінудің маңызын атап өтті.
Айрықша сәт ретінде 103 жастағы майдангер Яхия Тасыров туралы бейнематериал ұсынылды. Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұратын қарт жауынгердің батырлығы – ерлік пен табандылықтың жарқын үлгісі.
Жастар үшін ұйымдастырылған бұл тағылымды кездесу Отанды сүюге, батырлар ерлігін құрметтеуге және бейбіт өмірдің маңызын ұғынуға үндейді.