
"GEN SJ" АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТУДЕ
20-24 қаңтар аралығында Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығында «Gen SJ» Ашық есік күндері өтуде. Іс-шараның мақсаты – жастардың білім алу, кәсіп таңдау, әскери-патриоттық тәрбие мен шығармашылық дамыту бағытындағы мүмкіндіктерін кеңейту.
Бағдарлама аясында түрлі тақырыптағы кездесулер, тренингтер, көрмелер мен танымдық шаралар ұйымдастырылып, жастарға өз әлеуетін арттыруға қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, зиянды әрекеттердің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және шығармашылық әлеуетті дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Шараға «ORDA» жоғары колледжі де қатысып, кәсіби бағдар беру бағытында жұмыстар атқаруда. Колледж өкілдері болашақ талапкерлерге оқу бағдарламалары мен мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беріп, мамандық таңдауда көмек көрсетуде. Мұндай шаралар жастардың болашаққа деген сенімін арттырып, олардың дұрыс бағыт-бағдар алуына ықпал етеді.
Ашық есік күндері – жастар үшін маңызды ақпараттар алып, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді ашатын ерекше алаң.