• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 22.01.2025
  • 14

ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАР

22 қаңтар күні БҚ-9-12Г оқу тобында топ тәлімгері Омарова Периза Киясовнаның ұйымдастыруымен “Цифрлық қауіпсіздік: заманауи әлемдегі маңызды қадамдар" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында интернет пен заманауи технологияларды пайдалану кезінде жеке мәліметтерді қорғау, алаяқтық пен кибершабуылдардың алдын алу және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру жолдары таныстырылды. Студенттерге құпиясөздерді қауіпсіз құрастыру, күдікті сілтемелерден аулақ болу, антивирустық бағдарламаларды пайдалану, деректерді сақтықпен бөлісу, қосымшаларды тек ресми көздерден жүктеу, жаңартуларды уақтылы орнату және киберқылмыстар туралы хабардар болудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сабақ викториналық ойынмен жалғасып, студенттер  алған білімдерін бекітті. Цифрлық қауіпсіздік әр адамның міндеті екені атап өтіліп, ақпараттық сауаттылықты арттырудың маңызды екені айтылды.