• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 23.01.2025
  • 18

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚҰНДЫЛЫҒЫ

БҚ-9-32Г оқу тобында «Заң және тәртіп құндылығы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында студенттердің жеке өмір қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру және қазіргі заң ережелерінің өзгерістері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар,  жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, атап айтқанда, адамның ар-ожданына тиетін сөздер мен балағаттау, қоршаған ортаны ластау, жеке өмірге қол сұғу және әлеуметтік қысымның стресске әкелуі мәселелері талқыланды.
Студенттер құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары бойынша пікір алмасып, қазіргі заңнамалық аспектілердің қоғам өміріндегі маңыздылығын талдады.
Шара барысында LED экран арқылы ақпараттық материалдар көрсетіліп, ситуациялық сипаттағы өмірлік жағдаяттар ұсынылды.
Тәрбие сағаты құқықтық сауаттылықты арттырып, жастардың заңға деген құрметін нығайтуға бағытталды.
Топ жетекшісі: А.Жунусова