• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 23.01.2025
  • 19

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ - 2025: ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Дене тәрбиесі және ЖБП» бөлімі оқытушылары қала мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектебі, Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебі, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі және Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында кездесу өткізілді.
Шара барысында білім алушыларға оқу орнының мүмкіндіктері мен мамандықтар тізімі таныстырылды. Сондай-ақ, студенттік өмірді және мамандықтардың болашағын баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Бұл кездесу болашақ түлектерге өздері үшін маңызды таңдау жасауға көмектесіп, дұрыс бағыт-бағдар беруді мақсат етті.
Білімді ұрпақ – ұлы болашақтың кепілі. Сондықтан жастарға сапалы білім мен сенімді кәсіби бағыт беру – жарқын болашаққа бастар қадам. Бірге әрекет етіп, болашаққа сенімді қадам жасайық!