• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.01.2025
  • 20

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ - БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ!

“Orda” жоғары колледжінің “Ақпараттық технология” бірлестігінің оқытушылары Ж. Ербаева, Л. Куанышбаева, С. Сейдіуалиев, Б. Мүсірәлі кәсіби бағдар беру мақсатында Т. Рысқұлов атындағы №222 орта мектебі, Жамбыл атындағы №120 мектеп, Н. Ахмадеева атындағы №112 мектеп, №138 орта мектеп, №268 мектеп-лицейі, №280 негізгі мектеп, №189 орта мектеп және №143 орта мектебінің бітіруші түлектерімен кездесті.
Кездесу барысында 2025 жылдың “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланғаны ерекше атап өтілді. Оқытушылар колледждің заманауи техникалық базасы, оқу үрдісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, мемлекеттік шәкіртақы және арнайы санаттағы балалар үшін ұсынылатын ыстық тамақ пен жолақы жеңілдіктері туралы толық ақпарат берді. 9-сынып негізінде мамандық таңдау мүмкіндігінің артықшылықтары да түсіндіріліп, түлектерге мамандық таңдау жолында қолдау көрсетілді.
Шара соңында түлектерге колледжде ұсынылатын мамандықтар тізімі бар ақпараттық таратпа қағаздар берілді. Оқушылар болашақ мамандық таңдау туралы пайдалы ақпарат алып, өз мүмкіндіктеріне сенімділікпен қарауға қуанды.
Заманауи білім мен табысты болашаққа қадамды бірге жасайық!