• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.01.2025
  • 17

«ТОПТАҒЫ, ҰЖЫМДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» АТТЫ ӘҢГІМЕ-ДИСКУССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Құқықтану мамандығының 2-курс З-9-13 оқу тобында «Топтағы, ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас» тақырыбында маңызды әңгіме-дискуссия ұйымдастырылды. Іс-шараға топ студенттерімен қатар Қызылорда қалалық ПБ ЖПҚБ ЮПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Еңсебаев Руслан Қожахатович, құқықтық пәндер оқытушысы Кемелбеков Мұрат Есенбаевич және топ тәлімгері Жусупова Бота Мәлікқызы қатысты.
Іс-шара барысында тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі кеңінен талқыланды. Топта немесе ұжымда тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің төмен деңгейде болуы немесе болмауы жиі келіспеушіліктер мен келеңсіз жағдайларға себеп болатындығы айтылды. Осы орайда, оқытушы мен студент, сондай-ақ студенттер арасындағы қарым-қатынасқа қойылатын моральдық нормаларға ерекше мән берілді.
Дискуссияда топ пен ұжым мүшелерінің бір-бірінің қадір-қасиетін құрметтеуі; адамдардың ішкі әлеміне ықыласпен және сеніммен қарауы; қайырымдылық, мейірімділік және сыйластықтың қарым-қатынасты нығайтудағы рөлі тақырыптары төңірегінде әңгіме өрбіді.
Қатысушылар тұлғааралық қарым-қатынастың қоғамдағы орны мен маңыздылығын талқылап, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, адамгершілік құндылықтарды сақтай отырып, ұжымдық мәдениетті қалай дамытуға болатыны жайлы пікір алмасты.
Бұл іс-шара студенттердің қарым-қатынас мәдениетін дамытуға ықпал етіп, ұжымдағы сыйластық пен сенімділікті арттыру жолында маңызы зор болды. Мұндай талқылаулар жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады.