
ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
24 қаңтар күні “Orda” жоғары колледжінің Шт-9-32г және Инф-9-13г топтарында “Өмір қауіпсіздігі - баршаға ортақ міндет" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге қауіпсіздік шараларын дұрыс қолдануға, төтенше жағдайларда өзін және айналасындағы адамдарды қорғау, сондай-ақ көмек көрсету жолдарын түсіндірілді. Оқушыларға түрлі қауіпті жағдайлар туралы ақпарат беріліп, олардың алдын алу үшін дұрыс әрекет ету мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар, төтенше жағдайларда өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі жан-жақты талқыланды. Студенттерге жауапкершілік сезімін ояту, шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту мақсатында тәжірибелік мысалдар мен нақты кеңестер ұсынылды.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның өзіне ғана емес, айналасындағыларға да жауапкершілікпен қарауының айқын көрінісі. Әрбір студенттің бұл ережелерді білуі және өмірде қолдануы – қауіпті жағдайлардың алдын алу кепілі.
Топ жетекшісі: С.Утешова