
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ МЕН. ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ
АК-9-12Г оқу тобында «Денсаулық және мен. Темекінің зияны» атты тәрбие сағаты өтті. Суденттер арасында темекі шегудің зияны туралы түсінікті кеңейтіп, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен тәрбие сағатында LED экран арқылы ақпараттық материалдар көрсетіліп, темекі шегудің денсаулыққа тигізетін кері әсерлері нақты мысалдармен түсіндірілді. Студенттер өзара пікір алмасып, жаңа мәліметтерді талқылады. Сондай-ақ, өмірлік жағдаяттарға негізделген ситуациялық тапсырмалар арқылы темекіден бас тарту жолдары талданды.
Бұл сабақ студенттердің зиянды әдеттерге қарсы саналы көзқарасын қалыптастырып, денсаулыққа деген құрметін арттыруға септігін тигізді.
Топ жетекшісі: Зұлхарнаева Қ