• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 27.01.2025
  • 38

КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ "КІТАП АЙНАЛЫМЫ" АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап айналымы» акциясы басталды. Буккроссинг – әлемді үлкен кітапханаға айналдыруды мақсат ететін ерекше қозғалыс.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Ұлттық құрылтайда жастарды кітап оқуға баулу және жаппай кітап оқитын ұлт қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.
Акцияның мақсаты - оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру және кітап қорының жаңаруына ықпал ету.
Құрметті кітапсүйер қауым!
Сіз «Буккроссинг» бұрышынан ұнаған кітабыңызды алып, оның орнына өзіңіздің оқып аяқтаған кітабыңызды қою арқылы акцияға үлес қоса аласыз. Бұл жобаның басты қағидаты – «Өзің оқы – өзгеге ұсын!»
Кітап алмасып, біліммен бөлісейік!
Ұйымдастырушылар: Рахметова Айнаш Макишевна,
Маликова Жансая Бакытбековна