
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ - 2025
Кәсіби бағдарр беру жұмысы 144 орта мектепте жалғасын тапты. Оқушыларға мамандық таңдау жолдарын түсіндіру, болашақтағы кәсіптік мақсаттарын айқындау және өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау бағытында жүйелі түрде ақпарат берілді.
Түсінбірме жұмысын колледжіміздің білікті оқытушысы Ғ.Мұратбаев жүргізді. Ол оқушыларға білім беру саласындағы өзекті мүмкіндіктер, колледж мамандықтары және олардың еңбек нарығындағы сұранысы туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, мамандық таңдаудың жауапкершілігі мен оның болашақ өмірге әсері жайлы нақты мысалдармен ой өрбітті.
Кездесу барысында оқушылар мен мұғалімдер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді. Әсіресе, колледждің заманауи жабдықталған материалдық базасы, тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері және түлектердің болашағына бағытталған мүмкіндіктері үлкен қызығушылық туғызды.
Мақсатымыз – жас ұрпақтың өз қабілеттеріне сай дұрыс мамандық таңдауына жол ашу. Әрбір оқушының білім алып, болашағына сенімді қадам басуына үлес қосу – біздің басты міндетіміз.
Алдағы уақытта да кәсіби бағдар беру жұмыстарымыз өз жалғасын табады.