
ШУАҚТЫ КҮНДЕР - ҚАЗАҚЫ БОЛМЫС ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ КӨРІНІСІ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана мен «Orda» жоғары колледжі бірлесіп, Зейнеп Ахметованың қазақ әдебиетіндегі құнды шығармаларының бірі – «Шуақты күндер» кітабына арналған оқырмандар конференциясын өткізді.
Бұл шығарма қазақтың салт-дәстүрін, отбасы құндылықтарын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ұлттық тәрбиенің қайнар көзін оқырманға ұсынады.
Конференцияда аналар мейірімі мен әке тәрбиесінің маңызы, қарапайым тұрмыстың өзіндегі терең философияны көрсететін шынайы өмір көріністері кеңінен талданды.
Шараны ұйымдастырушы А.Бекенова шығарманың кеңінен талдануына мұрындық болып, студенттердің ұлттық құндылықтарды терең түсінуіне, әдебиетке деген қызығушылығының артуына ықпал етті.
Шара соңында қатысушылар назарына «Дәстүрді дәріптеген ел анасы» атты арнайы кітап көрмесі ұсынылып, Зейнеп Ахметованың еңбектері мен қазақ халқының дәстүріне арналған басқа да кітаптар таныстырылды.
«Шуақты күндер» – оқырманға ұлттық болмыс пен тәрбиенің шынайы көрінісін көрсететін шығарма. Мұндай іс-шаралар жастардың әдебиетке, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарға деген ынтазарлығын арттырады.