
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК - ЗАҢДЫ СЕЗІНУ
ЕТ-9-14г оқу тобында “Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны топ жетекшісі А.Алимова мен топ студенттері ұйымдастырып, жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың салдары және заңды сақтау қажеттілігі туралы түсінік берді.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, олардың заңдарды түсінуіне және тәртіптілікті сақтауға бағытталған маңызды мәселе. Бұл тақырып жеке жауапкершілік сезімін қалыптастырып, құқықтық нормаларды құрметтеуге үйретеді. Тәрбие сағатында құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары, заңды білудің маңыздылығы және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.