• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 03.02.2025
  • 3

WORLD SKILLS COLLEGE: КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Колледжімізде «Электромонтаждау» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына іріктеу мақсатында колледжішілік байқау жоғары деңгейде өтті. Байқау Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2018-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты:
Білім беру ұйымдарындағы немесе түлектер арасындағы ерекше дарынды, интеллектуалды қабілеті жоғары білім алушыларды анықтау;
 Студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру арқылы кәсіби шеберліктерін дамыту;
 Жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы практикалық жұмыстарды жетілдіру және жинақтау;
 Өз ісінің шеберлерін анықтап, оларды облыстық кезеңге жолдау.

Байқау нәтижесінде жүлделі орындарға ие болғандар:
 І орын – Меңлібекұлы Данияр;
 ІІ орын – Дәрібай Шәкәрім;
 ІІІ орын – Шамшадинұлы Нұрбек.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!  Олар өздерінің жоғары деңгейдегі білімдерін, дағдыларын және кәсіби шеберліктерін көрсетті. Байқауға қатысқан барлық студенттерге алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!

Облыстық кезеңде де сәттілік тілейміз!