
ВАНДАЛИЗМ - ҚОҒАМҒА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ӘРЕКЕТ
Соңғы уақытта мәдени-тарихи ескерткіштер мен рухани құндылықтарға зиян келтіру оқиғалары жиілеп кетті. Вандализм – бұл мәдени-тарихи ескерткіштерді, қоғамдық орындардағы мүліктерді қасақана бүлдіріп, жою, тонау әрекеті. Мұндай іс-әрекеттер тек материалдық шығынға ғана емес, сонымен қатар қоғамның мәдени мұрасына үлкен зиян келтіреді.
Осыған байланысты ШТ-9-12г тобында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында вандализмнің түрлері, оның заң алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ жеке азаматтардың мәдени мұраны қорғаудағы рөлі туралы түсіндірілді. Студенттер тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, вандализмнің алдын алу жолдары туралы пікір алмасты.
Мәдениетімізді сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз! Қоғамдық орындар мен тарихи ескерткіштерге құрметпен қарап, оларды қорғау арқылы біз болашақ ұрпаққа бай рухани мұра қалдырамыз.
Топ жетекшісі: А.Төлемісова