
ҚҰМАРОЙЫНҒА ҚҰМАРТПА!
Дш-9-12г оқу тобында топ жетекшісі Нұрпейісов Болат құмар ойындарға тәуелділік мәселесіне арналған тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында оқушыларға құмар ойындардың зияндылығы, олардың жеке өмірге және болашаққа тигізетін теріс әсерлері туралы толық түсінік берілді. Сонымен қатар, құмар ойындарға деген қызығушылықтың психологиялық және әлеуметтік себептері, стресс пен бос уақытты дұрыс пайдаланбаудың тәуелділікті туындатуы нақты мысалдар арқылы талқыланды.
Сонымен қатар, жастарға уақытты тиімді жоспарлау, өзін-өзі бақылау және саналы өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінуге көмектесті. Студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, зиянды әдеттерден арылу жолдары туралы өз ұсыныстарын айтып, болашақта осындай жағдайларды болдырмау бойынша нақты шаралар қабылдаудың қажеттілігін аңғарды.