• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 05.02.2025
  • 3

ВАНДАЛИЗМ МЕН МӘДЕНИЕТ: ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫНДА САЛАУАТТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

05 ақпан ҚТ-9-14Г оқу тобында “Вандализм мен мәдениет” тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты студенттерге вандализмнің қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіріп, мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын ұғындыруды мақсат тұтты.

Сабақ барысында қатысушыларға арнайы дайындалған слайдтар арқылы вандализмнің түрлері мен себептері жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар, тақырыпты тереңірек түсіну үшін видеоролик көрсетіліп, нақты өмірден алынған мысалдар талқыланды.

Студенттер арасында логикалық сұрақтар мен пікірталастар ұйымдастырылып, олардың сыни ойлау қабілеттері мен азаматтық жауапкершіліктері дамытылды. Тәрбие сағаты соңында қатысушылар тақырып бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, вандализмнің қоғамға тигізетін зиянын түсінгендерін айтты. Сонымен қатар, мәдени нысандар мен қоғамдық кеңістіктерді қорғаудың әр азаматтың борышы екенін атап өтіп, қоғамға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Топ жетекшісі - Ж.Сәндібекова