• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 06.02.2025
  • 4

«ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ORDA» жоғары колледжінде студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды іс-шара өтті. Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілдері арнайы шақырылып, студенттермен ашық форматта кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге қатысқан қонақтар:
Жаукеев Ердәулет Баянбайұлы – Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі.
Әбдіразақова Раушан Есенжолқызы – Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкері, полиция майоры.

Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың түрлері: буллинг, ойынқұмарлық, кибербуллинг, нашақорлық, сонымен қатар жолдағы қауіпсіздік мәселелері айтылып, олардың салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы кең көлемді ақпарат берілді. Қонақтар жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, қоғамдағы тәртіпті сақтау мен заңға бағынудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қандай әрекеттер жасау қажеттігіне тоқталып, нақты мысалдар келтірді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының өкілдерінен кәсіби жауаптар алды. Бұл кездесу жастар үшін пайдалы ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге заңды сақтау мен жауапкершілікті сезіну тұрғысынан маңызды тәжірибе болды.

«ORDA» жоғары колледжі осындай іс-шаралар арқылы студенттерінің құқықтық мәдениетін дамытуға және олардың болашағына жауапкершілікпен қарауға үлес қоса береді.