
КОЛЛЕДЖ МҮЛКІН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ВАНДАЛИЗММЕН КҮРЕС
ВЕБ-9-13г оқу тобында топ жетекшісі А.Бекенованың ұйымдастыруымен «Колледж мүлкін қорғау және вандализммен күрес» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақтың басында студенттерге колледждің тарихы мен материалдық-техникалық базасы таныстырылып, оқу орны мүлкіне деген құрмет сезімін ояту мақсатында арнайы ұйымдастырылған экскурсия өткізілді.
Тәрбие сағатының екенші бөлімі вандализм мәселесіне арналған ой-талқымен жалғасты. Вандализмнің туындау себептері, оның алдын алу жолдары және салдарын жою мәселелері талқыланды. Студенттер вандализмнің тек материалдық зиян келтіру ғана емес, сонымен қатар, ұжымдық рухтың, оқу орнындағы тәртіп пен мәдениеттің төмендеуіне әкелетін қауіпті әрекет екенін түсінді. Топ ішінде пікірталастар жүргізіліп, әрбір қатысушы өз көзқарастарын білдірді, вандализмге қарсы іс-әрекеттердің тиімді жолдары туралы ұсыныстар талқыланды.
Тәрбие сағатына колледж директорының оқу-тербие ісі жөніндегі орынбасары Г. Абдибаттаева қатысып, вандализммен күрес шараларының маңыздылығын атап өтті. Студенттерге заңды сақтаудың және қоғамдық нормаларға сай әрекет етудің қажет екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, вандализмнің алдын алу, оның салдарын азайту және материалдық-техникалық базаны қалпына келтіру мақсатында атқарылатын жұмыстар жоспары құрылды.
Ол жоспар колледж мүлкін қорғауға, оқу орны ішіндегі мәдениеттілікті нығайтуға және болашақта осындай жағымсыз құбылыстардың алдын алуға бағытталды. Алдағы уақытта қабылданған шаралардың нәтижесін нақты көретін боласыздар.