
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Т-9-12 оқу тобында құқықтық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік мәселелерді талқылау және жастарды қауіпсіз, саналы өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында арнайы тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шарада құқықтық және қауіпсіздік сабақтары аясында нашақорлық, лудомания, буллинг және ерте жүктілік мәселелері жан-жақты көтеріліп, талқыланды.
Сабаққа арнайы пән оқытушысы және заңгер М.Кемелбеков шақырылып, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, құқық бұзушылыққа қарсы шаралар және жастардың өз құқықтарын қорғау жөніндегі ережелер туралы толық ақпарат берді. Ол әрбір тақырыптың өзекті мәселелеріне тоқталып, құқықтық нормалар мен әлеуметтік ережелерді сақтау қажеттігін нақты дәлелдер мен практикалық мысалдар арқылы түсіндірді.
Топ жетекшісі Г.Қосбармақова студенттерге ойталқылық сұрақтар беріп, олардың әлеуметтік жауапкершілік туралы терең ой жүгіртіп, өз өмірлерінде осындай мәселелерден аулақ болуға шешім қабылдауларына ықпал етті.