• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 07.02.2025
  • 5

ҚЫЗ ТӘРБИЕСЕ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

АҚ-9-13Г және ЕТ-9-34Г оқу топтарының тәлімгері Ербаева Жаңылшаның ұйымдастыруымен студент қыздарға арналған маңызды тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына колледждің педагог-психологы Д.Қ.Асанова арнайы қатысып, қыз баланың жеке бас тазалығы, гигиенасы, өзін-өзі ұстауы, ата-ананың жауапкершілігі, ар-ұят ұғымдары және ерте жүктіліктің алдын алу туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тәрбие сағатында “Қызға қырық үйден тыйым” деген халық даналығының мән-мағынасы кеңінен талқыланып, жүктілікке әкелетін жағдайлардан сақтану, саналы түрде жауапкершілік алу қажеттілігі айтылды. Студенттер тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, ерте жүктіліктің ана мен бала өміріне тигізетін кері әсерлері жайлы пікір алмасты.

Шара соңында қыздар: “Сезімге ерік бермей, өзгенің жылы сөзіне алданбай, білім арқылы өз болашағымызды құрамыз. Болашақ – білімді жастардың қолында!” – деген түйін жасады. Бұл сөздер тәлімгер мен психолог маманды ерекше қуантты.

Осындай маңызды тақырыптар талқыланған тәрбиелік шаралар студенттердің саналы өмірлік ұстаным қалыптастыруына зор ықпал етеді.