• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 08.02.2025
  • 3

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІМ

Қауіпсіздік – әрбір адамның өміріндегі маңызды аспектілердің бірі. Осы тақырыпты терең түсіну мақсатында 1-курс студенттері (3-9-14, АК-9-14, ЕТ-9-34 топтары) үшін “МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІМ” атты ақпараттық-танымдық сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында студенттер қауіпсіздік ережелері, қорғаныс жабдықтарын қолданудың маңызы, мопед пен самокатты пайдаланудағы сақтық шаралары және жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаларымен танысты.

Оқытушы М.Е. Кемелбеков өз сөзінде қазіргі технологиялар адамның өмірін жеңілдеткенімен, қауіпсіздік шараларын сақтамау түрлі қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ол:
“Біз адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беретін технологиялармен қоршалған әлемде өмір сүреміз. Алайда, адам өз өмірін қауіпті жағдайлардан, апаттардан қорғай алуы тиіс. Қауіпсіздік негіздерін білу – бұл бірінші әрі маңызды қадам.” – деп, өз жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.