
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТЕ БІЛУ
Төтенше жағдай – адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе экономикаға қауіп төндіретін күтпеген оқиғалар. Осындай жағдайларда дұрыс әрекет ете білу әркімге маңызды. Осыған байланысты АК-9-12г оқу тобында “Төтенше жағдайларда әрекет ете білу” тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – студенттерге табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың себептері мен салдарын түсіндіру және апатты жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.
Сабақ барысында студенттер төтенше жағдайлардың түрлерімен танысып, олардың пайда болу себептері мен салдарын талдады. Сонымен қатар, қазақ халқындағы «жеті жұт» ұғымының мағынасы мен оның тарихтағы рөлі түсіндірілді.
Білім алушылар төтенше жағдайлар кезінде жылдам шешім қабылдаудың, салқынқанды болудың және алдын алу шараларын білудің маңыздылығын түсінді. Осындай сабақтар студенттердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуіне көмектеседі және өмірлік маңызы бар біліммен қаруландырады.
Топ жетекшісі: Әбділақатова А.С.