
“Ules” жобасы аясында колледжімізде «Рухани керуен» кездесуі өтті.
Бұл іс-шара жастар арасында тұлғалық даму, адамгершілік және көшбасшылық идеяларын насихаттап, еліміздегі өзекті өзгерістер мен мемлекеттік мүмкіндіктер жайлы терең талқылау алаңы ретінде ұйымдастырылды.
Шараға үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мухтар Ниязов мен Облыстық жастар ресурстық орталығы жастар шығармашылығы және халықаралық, спортты дамыту бөлімінің басшысы Тоғжан Есенгелдіқызы қатысып, өздерінің тәжірибелері мен көзқарастарын ортаға салып, әрбір азаматтың тұлғалық өсуіне үлес қосатын құндылықтарды насихаттады.
Сонымен қатар, спикерлер жастарды өз армандарын жүзеге асыруда, адамгершілік пен еңбектің маңыздылығын, көшбасшылықтың рухани негізін және еліміздің бүгінгі өзгерістеріне сәйкес жаңа мүмкіндіктерді меңгерудің қажеттілігін түсінуге шақырды.
Шара соңында қатысушылар сұрақтар қойып, спикерлермен пікірлесіп, болашаққа көзқарастарын ортаға салды.
«Рухани керуен» кездесуі – жастарды өз болашағына сенімді қадам басуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және еліміздің рухани құндылықтарын бағалауға шақыратын ерекше платформа болды.