• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 14.02.2025
  • 3

ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!

11 ақпан күні «ORDA» жоғары колледжінде Республикалық «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Жүсіпәлиев Жандос Иманғалиұлы, Сотқа дейінгі тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Табиғат Еркінбекұлы, сондай-ақ «ORDA» жоғары колледжінің ұжымы мен студенттері қатысты.

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г. Абдибаттаева шараның модераторы болып, кездесу барысын үйлестірді. Қонақтар өз сөздерінде қатысушыларды сыбайлас жемқорлықтың зиянды салдары жастарды өз болашағын қорғауға, адал азамат болуға және қоғамда әділеттілік пен ашықтық қағидаларын ұстануға шақырды. Арнайы дайындалған бейнекөрсетілім құқықтық мәдениетті арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын айқын көрсетті.

Барлық қатысушылар осы іс-шара арқылы өз қызметтерінде тәртіп пен адалдықты насихаттап, еліміздің болашағын жарқын етуге атсалысу керектігін терең түсінді.