• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 15.02.2025
  • 3

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ

Қызылорда облысының білім басқармасы облыс әкімдігінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы №06-4272-л хатына сәйкес «Заң және тәртіп» идеологиясын орындау жөніндегі кешенді жоспар аясында жатақханада тұратын жастармен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Шараны Қызылорда қаласының Ішкі Істер Басқармасы Жергілікті полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нағашыбаев Азамат өткізді.

Түсіндірме жұмысының мақсаты - құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың заңға бағыну деңгейін арттыру және қаржылық сауаттылықты дамыту. Нағашыбаев Азамат құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына кеңінен тоқталып, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, ол қазіргі қоғамда өзекті болып отырған интернеттегі алаяқтық және лудомания мәселелеріне ерекше мән беріп, сақтану жолдары мен қаржылық сауаттылықты арттыру тәсілдерін түсіндірді.

Шара соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция капитаны тарапынан толыққанды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосады деп күтілуде.

Ұйымдастырушы - Абдукамалова Нұргүл Оразбайқызы