
ORDA ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР АРҚЫЛЫ БІЛІМ КЕҢІСТІГІН КЕҢЕЙТУДЕ
Түркияға жасалған сапар аясында “ORDA” жоғары колледжі кезекті маңызды қадам жасап, ESKİŞEHİR MESLEK YÜKSEKOKULU директоры, профессор, ғылым докторы SELİM GÜRGEN мырзамен өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келді.
Кездесу барысында:
бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу;
халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізу;
симпозиумдарға қатысу;
е-платформада оқытуды дамыту
сияқты өзара тиімді бағыттар нақтыланды.
Сонымен қатар, колледж делегациясы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын талқылады.
Кәсібилігімен танылған бұл ұжыммен бірлесе жұмыс істеу – біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта ортақ жобалар жүзеге асады деген сенімдеміз!