• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 16.02.2025
  • 3

«РЕСПУБЛИКА ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ САЙЫС

13 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай колледжішілік деңгейде «Жас сарбаз» патриоттық үйірмесінің ұйымдастыруымен «Республика Қарулы Күштері – Тәуелсіздік тірегі» атты әскери-спорттық сайыс өтті. Шара жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың бойында ержүректілік пен адалдықты қалыптастыруға және ұлттық салт-дәстүрге деген құрмет сезімін нығайтуға бағытталды.

Сайыс барысында қатысушылар әскери дайындық пен спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, өздерінің ұйымшылдығы мен жан-жақты қабілеттерін де шыңдады. Жарыстың мақсаты жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ еліміздің қарулы күштері жайлы білімдерін кеңейту болды. Сонымен қатар, патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жетілдіре отырып, Қазақстан халқының ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға баулу көзделді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталды:
1-орын: БҚ-9-34г оқу тобы;
2-орын: МЕХ-9-14г оқу тобы;
3-орын: ИНФ-9-14г оқу тобы.

Бұл шараға белсене қатысқан барлық топ әскери-патриоттық білімдерін арттырып, дене шынықтыру деңгейлерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Үйірме жетекшілері: Н.Тәжібаев, Б.Нұрпейісов, Ә.Нұрмағанбетов