
"ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
27 мамыр – 4 маусым аралығында
Ақтау қаласында өткен "DOSTI Skills Aktau - 2025" халықаралық чемпионатында Қазақстанмен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Сауд Арабиясы және Аустриядан келген 31 шетелдік сарапшы мен 120-дан астам қатысушы өз саласының үздігі атану үшін сынға түсті.
Техникалық бағыттағы бұл беделді додада "Электроника" бағыты бойынша "ORDA" жоғары колледжінің студенті Жарқын Әсет үздік өнер көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі – Пахрадин Азамат.
Жеңіс – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі екені белгілі. Үздік нәтиже көрсеткен шәкіртіміз бен ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!