• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 02.06.2025
  • 7

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ ЖАСАЛДЫ



Колледжіміздің басшысы Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызы өкілдерімен бірге Түркия елінде арнайы іссапарда болып қайтты.

Іссапар барысында Эскишехир қаласындағы Тепебашы ауданында орналасқан Джемал Мүмтаз Әлеуметтік білімдер лицейі мен «ОRDA» жоғары колледжі арасында мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында екі оқу орны арасында 2 мұғалім мен 8 студенттен тұратын өзара алмасу бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Жоба шеңберінде студенттер Түркі әлеміне тән дәстүрлі ақыл-ой, зияткерлік және стратегиялық ойындарды бірлесіп үйреніп, тәжірибе алмасатын болады. Бұл бастама – екі ел арасындағы мәдени байланысты арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Екі тарап қол қойған келісім ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарды жаңғыртып, ұрпақ санасына сіңіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ұлттық ойындарды кең көлемде насихаттап, ұрпаққа жеткізу мақсатында ауқымды жоба талқыланды. Келер жылы Қазақстан мен Түркияда, соның ішінде Эскишехир мен Қызылорда стадиондарда бірлескен ұлттық ойындар фестивалін өткізу жоспарлануда.

 Бұл – бауырлас елдер арасындағы достықты, мәдени құндылықтарды және ұрпақ сабақтастығын тереңдете түсетін бастама екені даусыз.

Ендеше, СӘТТІЛІК! «ORDA” жоғары колледжі алға!


QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Некоммерческое Акционерное Общество Талап
Білім Басқармасы
Ақзира Қасымова
Қызылорда Облыстық Оқу Орталығы