
«БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ» АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ЕТ-9-14г және НО-9-21г топтарында колледж психологтарының ұйымдастыруымен психологиялық тренинг өткізілді. «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ» деп аталған бұл тренинг студенттердің өз-өздеріне бір сәт үңіліп, балалық шақтарымен байланыс орнатуға мүмкіндік берген ерекше сәт болды.
Тренинг барысында түрлі жаттығулар мен визуализациялар арқылы студенттер балалық естеліктерін еске түсіріп, ішкі әлемімен жұмыс жасады. Ашық пікір алмасу, шынайы орта мен бір-біріне деген қолдау тренингтің әсерлі әрі нәтижелі өтуіне ықпал етті.
Қатысушылар шара соңында «Бұл тренинг мені өзіме бір қадам жақындатты», «Балалық шағыммен қайта қауышу – өте ерекше, жылы сезім болды» деп ойларымен бөлісті.
Тренинг студенттерге тек естеліктермен жұмыс істеу ғана емес, сонымен бірге эмоцияны түсініп, қабылдауға, ішкі тыныштыққа бір табан жақындауға мүмкіндік берді.