• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 30.05.2025
  • 6

WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫН ЕНГІЗУ – БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ

WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫН ЕНГІЗУ – БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ”29 мамырда Халел Өзбекғалиев атындағы жоғары колледж базасында “Білім беру процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу тәжірибесімен алмасу және кадрларды даярлау сапасын арттыру” тақырыбындағы республикалық семинар өтті.

Ауқымды шараға “Talap” КЕАҚ WorldSkills Kazakhstan, Маңғыстау облыстық білім басқармасы, “Dosti” инновациялық орталығы, сонымен қатар Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Ресей елдерінің өкілдері, колледж директорлары мен орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында “Orda” жоғары колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Тажикова Г.Д. “WorldSkills стандарттарын Қызылорда облысындағы білім беру бағдарламаларына енгізудің артықшылықтары мен мәселелері” тақырыбында баяндама жасап, қатысушылармен өз тәжірибесін бөлісті.

Баяндамашы өз сөзінде аталған стандарттарды енгізудің өңірлік ерекшеліктері, жетістіктер мен туындайтын кедергілер жайында нақты мысалдар келтіріп, қатысушылармен тәжірибе алмасты. Бұл “Orda” жоғары колледжінің халықаралық деңгейдегі білім беру реформаларына белсенді қатысып келе жатқанын көрсетеді.

Г. Тажикованың осындай беделді алаңда сөз сөйлеуі – колледж ұжымының кәсіби әлеуетін айқындай отырып, Қызылорда облысы білім саласындағы оң тәжірибелердің республикалық деңгейде танылып келе жатқанын көрсетеді.