
КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТҮНГІ РЕЙДКЕ ҚАТЫСТЫ
15 ақпан күні «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «ORDA» жоғары колледжі оқытушылары «Қауіпсіз аймақ» түнгі рейдтеріне қатысып, жасөспірімдер арасында тәртіп сақтауды насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың заңға бағынушылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Колледж оқытушылары құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп, жастарға өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.
Бұл шаралар «ORDA» жоғары колледжінің жастардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттырудағы жауапкершілігін көрсетеді. Алдағы уақытта да осындай рейдтік жұмыстар жалғасын тауып, оқу орнының қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілігі арта түспек.