• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 15.05.2025
  • 2

“Жан жылуы - отбасында”

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай “ORDA” жоғары колледжінде колледж психологы Д.Асанованың ұйымдастыруымен студенттерге арналған “Жан жылуы - отбасында” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренинг отбасы құндылықтарын дәріптеу, жасөспірімдердің ата-анаға, жақындарына деген қарым-қатынасын нығайту, сүйіспеншілік, сенім, түсіністік сияқты маңызды адамгершілік қасиеттерді дамыту мақсатында жүргізілді.

Тренинг барысында студенттер түрлі жаттығулар мен психологиялық тапсырмалар арқылы отбасының әр мүшесінің рөлі, маңыздылығы және қарым-қатынастағы үйлесімділіктің маңызы жайлы ой бөлісті. Пікір алмасу, жағдайлық тапсырмалар мен топтық ойындар арқылы қатысушылар өз эмоцияларын еркін білдіруге, бір-бірін тыңдауға және өз отбасына деген көзқарасын жаңаша бағалауға мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында студенттер отбасының адам өміріндегі орны туралы өз әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жылы лебіздерін арнады.